17.04.2011ж қазақ мәдени орталығы қазақ халқының салт-дәстүрлері және әдет-ғұрыптары арқылы оқушылардың біліктіліктерін және дағдыларын; өнегелі негіздерді және патриоттық сезімдерді дамыту мақсатында өткен, «Бабалар өсиеті» атты шығармашылық есеп жүргізді. Балалар домбыра және қобыз музыкалық аспаптарда ойын ойнау шеберлігін көрсетті. Сахнада «Ерке сылқым», «Ата толғау», «Сәулем - ай» және т.б. 6 аспаптық туындылар шырқалды. Сонымен қатар оқушылардың орындауында және «Айналайын», «Бақытым балалар», «Егемен Қазақстан» атты әндер шырқалды. Кіші топтардың хореографиялық ансамблі «Весенний танец», «Тентегім» атты билерді сахнада әсерлі көрсетті. Шығармашылық есеп беруде орталықтың 50 оқушылары қамтылды. Сабақ мазмұнды, танымды және патриоттық сипат алды. Орталықтың мұғалімдеріне ата-аналар жағынан олардың балаларын тәрбиелегені үшін жағымды пікірлер айтылды. Оқу жылдың аяқталу қорытындысы бойынша орталықтың белсенді балалары оқу жылдың соңына арналған, салтанатты іс-шарада марапатталады.