Телефон доверия
email: shkolanv@mail.ru
Адрес: 1 Мая,34/1
рт.301208,328169,
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Бейбітшілікке және келісімге 20 жыл тақырыбына арналған сәнді қолданбалы қолөнер бойынша ұлттық бөлімшелердің оқушыларының көрмесі өтті.
21-04-2011 04:11
Бейбітшілікке және келісімге 20 жыл тақырыбына арналған сәнді қолданбалы қолөнер бойынша ұлттық бөлімшелердің оқушыларының көрмесі өтті. Мектепте оқушылардың шығармашылық әлеуетін қалыптастыру және дамыту үшін барлық жағдай жасалынды. Эстетика топтамадағы мұғалімдердің ОТҮ мақсаты Ертіс өңірі этностардың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын меңгеру; тұрақты өнегелі, эстетикалық негіздерді қалыптастыру; патриоттық сезімдерді дамыту және бекіту; өмірдегі ерекшеліктерді жағымды қабылдау; халықтардың рухани құндылықтарын құрметтеу. Балалардың және жасөспірімдердің шығармашылық әлеуеті ұлттық бөлімшелер күнтізбелік әдет-ғұрып мерекелерін өткізу; мектептік және этномәдени бірлестік, қалалық және облыс ауқымындағы іс-шараларды өткізуге тартылады. Қолданбалы қолөнер белорус, неміс, болгар, украин бөлімшелерде қазақ және орыс мәдени орталықтарда сабақ жүргізіледі.(ҚББМ: Л.Лопатюк, И.Крупина және т.б.). Сабақ қызықты өтіп балаларды заттарды, нәрселерді шығармашылықпен жасауға қызықтырады. Оқушылар сабанды өңдеу, кестелеп тігу, оригами вицинанки, декупаж қағаздарымен жұмыс технологияларын меңгеруге үйренеді. Туған ана тілі бойынша оқушылардың тіл байлығын бекітуге арналған сабақтар танымды жүргізіледі. Балалардың қолөнер моторикасы дамытылып, оқушылардың шығармашылық қабілеттері ашылады. Фольклор кейіпкерлері, дәстүрлі кәдесыйлар , ашық хаттар, әсем элементтер тілінде құттықтаулар дайындау бойынша Қазақстан салт-дәстүрлерімен танысу арқылы оқу тәрбие үрдісі жүзеге асырылады. Оқушылардың жұмыстары мектептік көрмелерде қойылып, «Атамекен» - 2008, 2009жж қалалық көрмелерде, Ертіс өңірі халықтар өнер фестиваліне қатысып, сонымен қатар мектептік мерекелерде ата-аналардың құттықтау, қолдауына ие болады. Бұл сәтте де балалар ата-аналарын, көрермендерін өз жұмыстарымен қуантты. «Моя семья» атты Шашловой Л.; «Единство в многообразии» атты А Қазбекованың; «Мозаичные аппликации» Г Климчуктың; «Виноградное пано» А Акопованың құрылған композициялары; балалардың теріден, кесте тігу жеке жұмыстары – шығармашылық жобаларды жүзеге асырып, мұнда: көп еңбек, махаббат және шабыт сіңірілді.