Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
«Қазақстан білім қоғам жолында»
05-09-2012 16:02
«Қазақстан білім қоғам жолында»

«Қазақстан білім қоғам жолында»

«Қазақстан білім қоғам жолында» атты елбасы   Н.Ә. Назарбаевтың лекциясын

«Қ. Б. Даржұман» атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің ұжымы зейін қойып тыңдады.

“ХХI ғасырда білім дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық” деген елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі әрбір адамның ойына түрткі салуы тиіс. Бүгінгі күні оқылған лекцияның орны да ерекше болды, болашақ ұрпақ, тыңдап отырған өскелең қауым үлгі алсын, мен де сондай мекемеде «Назарбаев университетінде» оқысам екен деп алға ұмтылсын деген ниеттен туындағаны белгілі. Қазақстандағы қоғамдық қарым-қатынастардың белгілі бір дәрежеге көтерілгенін байқаймыз. Біздерді жерлестеріміз Ақсу қаласының 2 мектебінің жеткен жетістіктері аса қуантты.

     «Өнердің, білімнің кілтін тапқан ғана озады» деген бүгінгі талабы таудай, қабілет-қарымы мол, ізденімпаз жастарға тек еңбек етсеңдер, сауатты,  мәдениетті, өнерлі, білімді болсаңдар ғана, «білекті бірді, ал білімді мыңды жеңеді» деген ата бабаларымыздың ұлағатты сөзін келтіріп айтқаны, бұл  – халықтың сана-сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын көрінісі. Толеранттылықтың – үлкен құндылық екенін ерекше атап өтті.

Толеранттылық – бұл жергілікті халықтың басқа ұлт өкілдеріне және басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, оларды қудаламауының белгісі, өркениетті қоғамға тән құбылыс. Мұны тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жылдағы маңызды жетістігіміз десек артық айтқандық болмас еді.

   Қазіргі таңдағы әлеуметтік, экономикалық,ғылыми, техналогиялық, медициналық талап-тілектерге сай рухани бай, білімді жастар тәрбиелеу қажеттігі ерекше туындап отыр. Біздің де «Достық» атты кемеде 17 ұлт өкілдері бірлік пен татуластықта өмір сүріп жатырмыз, Отанға қосар үлесіміз мол. Лекцияны тыңдаған соң қызу талқылауға салып әр ұстаз өз ойын білдірді. Мектеп директоры Е.Р Айткуловпен оқу бөлімінің меңгерушісі Ж.С Байманова жастар тәрбиесімен ұлтаралық қатынас жайлы, белорыс бөлімшесінің ұстазы А.С Ксюнина, неміс бөлімшесінің ұстазы И.К Крупина, татар башқұрт бөлімшесінің ұстазы М.Н Серажидинова, жас маман Р.Ж Қорабай  және т.б ұстаздар «Өте қызықты, танымды өткенін» атап өтті және өз ойларын білдірді. Адамзат жаһандану мен ақпарат дәуіріне, ал өнер - адам өмірін әлеуметтік және өзіндік мағына мен қуанышқа толтыруға бағытталған шаққа аяқ басты.

Әр азамат адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой.

Қазақ мәдени орталығының ұстазы Ә.Ә Апушева