«Халқын сүйген, салтын сүйер» атты іс-шара өтті.
2013жылғы сәуірдің жетісі күні Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің халық этикет меңгеру тобында «Халқын сүйген, салтын сүйер» атты ашық шығармашылық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: оқушыларға ұлттық тәрбиенің этика-эстетикалық негіздерін үйрете отырып, «үлкенге-құрмет, кішіге - ізет» демекші, сыйластыққа, қонақжайлыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. Сабаққа балалар қызығушылықпен қатысты. Саяхат сабақта бес аялдама болды. Олар: «Сәлемдесу», «Көркем сөз», «Көрініс», «Әдептілік әлемінде» және «Тапқырлар».
Мерекелі іс-шараның қонақтары (мектеп әкімшілігі, мұғалімдер мен ата-аналар) Қазақстан, тіл туралы өлең мен мақал-мәтел тыңдап, сонымен қатар қазақ пен өзге ұлттық киімдері туралы мәлімет алды. Қонақтар қазақтың салт-дәстүрлерін көрініс түрінде тамашалап, қазақ ұлттық тағамдарынан дәм татты.
Шараның соңында Қ.Даржұман атындағы ҰЖМ ОТЖжДО Ж.С.Байманова және ҚББМ Ә.К. Сағатова өз сөздерінде қатысқан оқушыларды, ата-аналарды құттықтап, алғыстарын білдірді. Оқу- тәрбие үрдісінде белсенді қатысқаны үшін балалар марапаттау қағазымен, ата-аналар алғыс хаттармен марапатталды.
Өткізген: Қ.Даржұман атындағы ҰЖМ
ҚББМ Ә.К. Сағатова