Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
email: shkolanv@mail.ru
Адрес: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
«Балдаурен» жазғы сауықтандыру лагері
21-08-2013 08:22
«Балдаурен» жазғы сауықтандыру лагері

«Балдаурен» жазғы сауықтандыру лагері

          Қ.Даржұман атындағы ҰЖМ

 

         Жазғы демалыс баршамыздың асыға да, ерекше күтетін мезгілдердің бірі. Ал, балалар үшін ерекше қуаныш. Мектептерде жаз кезіндегі балалардың демалысын тиімді өткізу және лагерлерге қамту жыл сайын дәстүрге айналған шара.

         Тұғырлы еліміздің басшысы айтқандай «Елдің болашағы – жастардың қолында» дегендей, балалар үшін Көкшетау аймағында Бурабай жерінде «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагері ұйымдастырылды.

         Осыған орай біздің «Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғырту» мектебінің талантты да, әрі озат 11  оқушылары «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагеріне  жолдама алды.Олар: Рафикова Зульфия,  Кизат Сания, Кременской Вячеслав, Зайцева Дарья, Зверев Даниил, Кукотко Виолетта, Костоев Илез, Баштовой Павел, Каиржанова Адия, Капралова Валентина, Хамитова Азалия. «Балдаурен» сауықтыру лагері салтанатты түрде шілде айының 27 жұлдызынан тамыз айының 10 жұлдызына дейін ұйымдастырылды.

         Оқушылар осы демалыстан ерекше әсермен қайтып оралды.Әсіресе есте қалған іс – шаралар, «DISKO FIESTA», «ВИЗИТКА»  заманауи би түрлері, бейнелеу өнері конкурстары өтті. Оқушылар ерекше ықыласпен  қатысып, өздерінің өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, «Оригами» , «Вокал». «Хореография», «Театралдық студия»  атты үйірмелері оқушылардың рухани байлығын жетілдіріп, толықтыра түсті.

          Біздің  мектептің оқушысы Рафикова Зульфия «Оригами» үйірмесінде сертификатпен марапатталды. Спорттық ойындарға келетін болсақ, біздің оқушылар 100 отрядтың ішінен топ жарып, шахматтан І орынға ие болды.

         Лагердің жабылуына арналған іс-шараларда оқушылар он күндегі алған әсерлерін өз өнерлері арқылы бейнелеп, ризашылықтарын білдірді. Осы демалыстан алған әсерлерін естерінде  сақтап, естелік ретінде қалдырады деп ойлаймын.