Достық үйінің киелі шаңырағында мектебіміздің қазақ мәдени орталығы ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арнап «Тәуелсіздік тірегі-өнегелі ұрпақ» атты ашық сабағын өткізді. Тарихқа көз жүгіртіп, тәуелсіздік құрбандарын еске алып, 25 жылда жеткен жетістіктерді мақтан етті. Ұлттық аспап-домбыраны игерген қыз бен ұлдар әсем күйлерімен көрермендерді тамсандырды. Соңымен қатар «Желтоқсан желі» әнің домбырашылар ансамблінің сүйемелдеуімен әнші қыздар тамылжыта орындады. Осындай мағынысы терең, мазмұны кең сабақтар бала тәрбиесіне берер үлесі зор. Отан сүйгіштікке, салт- дәстүрге, ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктерін оятып, патриоттық тәрбие береді. Сабақ соңында ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, ұстаздары А.Апушеваға зор алғыстарын білдірді.