«Бейбітшілік бейнесі» Бейбітшілік-баланың көзімен. Бүгін осы көріністі көруге мүмкіндік болды. Мектеп алаңында «Бейбітшілік бейнесі» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Тақырыпты түсінген балалар жұмысқа жұмыла кірісті, әр бала өз ойын түрлі-түсті бояумен, әдемілеп салуға тырысты. Байқау соңында әр топ өз суреттерін қорғады. Сондағы балалардың тілектері - отбасының амандығы, ата-анасының ұзақ өмір сүруі, әлемдегі балалар жамандық көрмеуі, соғыстың болмауы, елдер арасындағы достық пен татулық. Ұйымдастырушылар А.Сагатова мен А.Боброва қатысушыларға алғыстарын білдіріп, әр топтың суретін бағалап «Достық» жеңгенің жариялады.