Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
ЭКСПО
08-06-2017 06:15
ЭКСПО

   «ЭКСПО» - индустрилиазацияның символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме. Болашақтың энергиясы мен жасыл экономиканы іздеу мен құру жөніндегі озық әлемдік тәжірбиені зерттейтін және енгізетін орталық екені баршамызға мәлім.
Сондықтан 8 маусым күні біздің педагогтар да тәрбиеленушілерімізге шағын «ЭКСПО»- ға саяхат ұйымдастырды. Сыныптар шағын шығармашылық алаңдарына айналып, балаларды қызықты саяхат күтіп тұрды. Алаңдар балалардың жас ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына сай таңдалды. «ЭКСПОЛАНДИЯ»- бұл бекетте балалар «ЭКСПО» қалашығымен танысып, өз ойларын журнал беттері мен түрлі-түсті қағаз қолданып коллаж жасаса, «Краски ЭКСПО» бекетінде балалар бодиарт өнерін меңгеріп, бір-біріне «ЭКСПО» эмблемасын салды, «Дала өрнегі» бекетінде тәрбиеленушілер ұлттық ою-өрнектерімен танысып, қолдарына қайшы алып ою ойып текемет құрастырды, «Робототехника» алаңында өз қолдарымен робот әзірлеп, өздері де робот кейпіне енді, «Достық әуені» достарды қызықты әндер шырқатты. Осындай қызықты саяхат тәрбиеленушілерге «ЭКСПО» көрмесінен мағлұмат, еліміздің жаңа технология желісіндегі жетістіктері жайлы түсінік берілді.