Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Салт бойынша таратылған
09-06-2017 09:26
Салт бойынша таратылған

9-маусым балалар бүгін екі армян және шешен-ингуш бөлімшелерінде қызықты шараларына қатысты. Армян бөлімшесінің педагогы балалармен достық жайлы әңгіме құрып, дос, достық ұғымы туралы түсініктерін кеңейте түсті. Балалар сонымен қатар достық туралы әндер, мультфильмдер жайлы жұмабақтар шешіп, мақал-мәтелдер құрастырып жарысты. Әр мақалдың мағынасын ашып, мысалдар келтіріп, мектепте үйренген достық қарым-қатынас, толеранттылық туралы түсінектерін алға тартты.
Шешен-ингуш бөлімшесінде тәрбиеленушілер ұлттық салт-дәстүр мен ойындармен танысты. Тәрбиелік мәні зор, адамгершілік, сыпайлық, сыйластыққа толы іс-әрекеттер балалардың көңілдерінен шықты. Олар өз ойларын ашық жеткізуге тырысып, ойынға белсенді қатысты. Салт бойынша таратылған тоқаштар да үйлесімді болды. Педагогтар өз мақсаттарына ізденіс арқылы осындай түрлі әдістермен жетті. Шара барысында Ақтөбе қаласынан мектебімізге келген делегаттар да сабақтан үзінді тамашалап, мектебімізбен танысты. Қонақтар поляк, армян бөлімшелерін тамашалап, көрмеден балалардың қол өнерлерін тамашалады.