Келісім шарт бойынша қазақ мәдени орталығының, неміс, әзірбайжан бөлімшелерінің тәрбиеленушілері облыстық балалар кітапханасына Ертіс өңірінің мәдениеті мен салтын сақтау мақсатында этнографиялық сабаққа қатысып қайтты.
Тәрбиеленушілер қазақстандық немістер мен әзірбайжандардың мәдениеттері және мәдениетті сақтау мақсатында Қ.Б.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде өткізіліп жатқан іс шаралар туралы әңгімелеп берді.
Қала мектептерінің оқушылары жас жетекшілермен Астана, Германия, Әзірбайжан еліне, жыл бойы өткізілген мәдениеттері мен салт-дәстүрлеріне арналған шараларға саяхат жасады. Жас өнерпаздар көрермендерге өз өнерлерінін шашу етіп, бірге флешмоб билеуге шақырды. Нәтижесі - мектеп оқушыларына жаңа білім және екі жаққа да жағымды көңіл күй.
Осындай іс-шаралар рухани бірлік пен халық достығы, ұлтаралық келісім, шығармашылықтың даму көзі болып саналады. Ал біз, осындай кездесулерді жиі өткізуге тырысамыз.