Кездесу
Мектебімізге Геманиядан халықаралық тілдерді дамыту жөніндегі сарапшы А.Фасс қонақ болып қайтты. Достық үйі мен мектепті аралап, ұжыммен кездесіп, мектептің қосымша білім беру қызметіндегі атқарып жатқан ісімен танысты. Кездесу одан әрі неміс ұлттық бөлімшесінде жалғасты, қонағымызға балалардың жұмыс дәптерлері, қол-өнер бұйымдары, оқулықстары ұсынылды.
Әңгіме барысында қонағымыз тәрбиеленушілердің Гетте және Моцарттың тілін үйреніп жатқандықтарына ризашылығын білдірді. Жалпы кездесу жағымды деңгейде өтіп, балалар ана тілінде еркін сөйлеушімен сөйлесу қиын емес екенін түсінгендей.