Телефон доверия
Адрес: 1 Мая,34/1
рт.301208,328169,
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
"Рухани жаңғыру"- көркем оқу фестивалі
29-10-2017 07:29

Бүгін 29 қазан күні мектебімізде "Рухани жаңғыру"- көркем оқу фестивалінің қорытынды бөлімі өтті. Фестиваль тілдер достығының, патриоттық тәрбиенің көрінісі. Әр қатысушының жүзінен үлкен жауапкершілік, мемлекеттік және ана тілі үшін мақтаныш сезіліп тұрды. 31 тәрбиеленушіні сынаған әділқазылар алқасы: мектеп директоры Е.Айтқұлов, тілдер басқармасының бас маманы Г.Нұрмағанбетова, директор орынбасары Ж.Баймановалар тәрбиеленушілердің жақсы дайындықтарын айта кете, ең үздік өнерпазды 5 номинацияда марапаттады. Атап айтқанда: "Жігер"- Саенко М. украин бөлімшесі, "Жас қанат"- Митченко В. неміс бөлімшесі, "Шабыт"- Костоева А. шешен-ингуш бөлімшесі, "Асыл мұра"- Амангелдинова Қ. №23 орта мектебі, "Қайнар"- Ильченко А. белорус бөлімшесі. Номинаттарды шың жүректен құттықтап, зор табыстар тілейміз!