Қызқыты күзгі демалыстар
Мектепте балалардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында күзгі демалыс кезінде сайыс , сынып сағаты және тәрбие сағаты түрлерінде ашық сабақтар ұйымдастырылды. Қарашаның 3 және 4 күндері қазақ мәдени орталы, «Арай» би тобы және грек бөлімшелері өткізсе, бүгін 5 қараша күні шешен-ингуш және армян бөлімшелері сынып сағатын және қол өнер сабақтарын ұйымдастырды. Педагогтар Л.Опиева мен С.Аракелян сабақ тақырыптарын «Алтын күз», «Күзгі жапырақтар» деп атап берекелі жыл мезгілі жайлы өлең оқып, жұмбақтар, сөз жұмбақтар шешіп, салт-дәстүр жайлы әңгіме қозғап, тілдік қорларын молайтты. Армян бөлімшесінің тәрбиеленушілері шағын қол өнер сайысын ұйымдастырып, барлығы тәтті марапаттарға ие болды.
