Тұңғыш Президент күніне орай!
Қарашай-шеркес және қабардін-балқар ұлттық бөлімшесі Тұңғыш Президент күні қарсанында «Рухани жаңғыру» атты мерекелік концертін ұйымдастырды. Тәрбиеленушілер өз ұйымдастырушылық, біліктілік және шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете алды. Көрерменге ұсынған әр ән,әр би өзінің ерекшелігмен бөлек еді.
Көрермендер де әртістергді қошеметпен қолдап өз лебіздерін білдіріп отырды. Бірлік пен татулық, достық тақырыбын айқындайтын, ұтымды таңдалған, патриоттық әндер жағымды естіліп, көрермендер көңілінен шықты. Шара мектеп педагогтары М.Байрамкулова мен А. Албаковтың ұйымдастыруымен өтті.