Коледа!
Коледа! Рождество мерекесімен болгарлар осылай құттықтайды екен.
Болгар бөлімшесінде нағыз мереке өтті. Қонаққа №4 мамандырылған мектеп-интернат балалары шақырылып, оларға меркелік ойындар ұйымдастырылып, тәтті дастархан жайылды. Қонақтар мектеп жайлы ақпарат алып, болгарлардың салт-дәстүрлерімен танысып, шай басында өздері жайлы айта отырды. Осындай мейірімге толы ортада балаларға ақ тілектерін оқу меңгерушісі Ж.Байманова, болгар ЭМБ төрайымы В.Шатова және шара ұйымдастырушы-жүргізуші педагог Г.Йордановалар білдірді. Безендірілген сынып, әсем шырша, тәттілер, қызықты ұлттық ойындар арқасында балаларға жаңа жыл алдындағы қызықты кездесулердің бірі болғанына сенімдіміз.