Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
"Мектеп коференциясы"
18-02-2018 12:57

«Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында Мектеп тәрбиеленушілері арасында мекпеп ішілік ғылыми конференция қорытынды бөлігі өткізілді. Жобалар соғысқа аттанған жерлестер, мемлекеттік тіл, кәріс және қазақ тілдеріндегі ұқсастықтар, ұлттық қазына, ұлттық аспаптар, қоғамдағы әйелдің орны сынды тақырыптарды қамтылды. Тәрбиеленушілер жоба жазу барысында түрлі сауалдамалар, сұхбаттар, көп ізденіс жұмыстарын атқарғандары байқалады. Бұл арада педагогтары мен этно бірлестіктердің де көмегі зор екені айқын. Әділ қазылар әр қатысушы баяндамасын мұқият тыңдап, әділ бағалауға тырысты. Конференция соңында әр қатысушыға сертификаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Тәрбиеленушілердің талаптары мен бастамалары жаман емес, зерттеу жұмыстарын ары қарай жалғастырып, үлкен жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!