Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
«Жаһандану жағдайындағы тіл үйретудің инновациалық әдіс-тәсілдері»
14-10-2018 10:06
«Жаһандану жағдайындағы тіл үйретудің инновациалық әдіс-тәсілдері»

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «ТІЛ - ҚАЗЫНА» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» аясында Қызылорда қаласында «Жаһандану жағдайындағы тіл үйретудің инновациалық әдіс-тәсілдері» атты семинары өтті.
        Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ұлағаты ұстаздары өздерінің төл мерекесі қарсаңында өзара тәжірибелерімен алмасуда болды. Мұнда озық тәжірибелермен танысып, пікір алмасып, шығармашылық шеберліктерін шыңдауға, жаңа теxнологияларды ел игілігіне жаратуға берілген үлкен мүмкіндік болды. Сонымен қатар әрқилы мәселелер(латын әліпбиіне көшу, мультимедиялық технологияларды қолдану ) талқыланып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды, сондай-ақ, шеберлік сабақтары да өткізілді
      Семинардан көп ақпарат алдым, үйрендім. Осы жаңа әдіс- тәсілдерді өз тәжірибемде тиімді қолдана аламын деп ойлаймын.
                                                                                   Қ.Даржұман ат.ұлттық жаңғыру мектебінің ҚББМ
                                                                                      Сағатова Әлия Кәрібайқызы