Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным-дей келе, Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі педагогтар арасында мемлекеттік тілінде «Тіл құдыреті» атты шығармашылық фестивалін өткізді. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткен бұл шараның мақсаты педагогтардың тіл меңгеру деңгейін сахна төрінен көрсетіп, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру.
Мектеп директорының орынбасары бастаған, чуваш, армян, татар-башқұрт, грек, украин, халық этикет, кәріс, музыка, қазақ мәдени орталы педагогтары өлең, ән мен толғау арқылы тілге деген құрметтерін мен махаббаттарын көрсете алды. Әділқазы алқасы қатысушылардың өнерін, тіл меңгеру еңбектері мен деңгейлерін оң бағалап, әр қайсысына ерекше номинация тағайындап алғыс хаттарымен марапаттап, сыйлықтарын табыс етті.
"Тіл құдіреті"