Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
"Ертіс өңірінің алтын есімдері" Қ-Ғ Қаржасов.
01-02-2019 11:51

Қ.Б.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі қалалық білім беру бөлімі жоспарына сәйкес Павлодар облыстық көркем сурет музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ертіс өңірінің алтын есімдері» жобасы шеңберінде Ғ-Қ Қаржасовтың 65–жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Мақсаты жас ұрпаққа өңіріміздің дамуына еңбек сіңірген тұлғаларды танып, зерттеушілік іс-әрекетке баулу, жас зертеушілердің дамуына жағдай туғызу. Конференция ережеге сәйкес екі бөлімде ұйымдастырылды. Бірінші бөлімде  мектеп, колледж, жоғарғы оқу орындар студенттерінен жұмыстар қабылданып, іріктеуден өткізілді.  Сексенге жуық жұмыс биология, география, тарих бағытындағы тақырыптар «Ертіс өңірінің алтын есімдері», «Болашаққа бағдар», «Ғ-Қ Қаржасов» деп үш бағытқа бөлінді. Екінші бөлімге 10 жұмыс өтіп, олардың ішінен 3 жұмыс таңдалып, 7-наминация және 3 жүлделі орын табысталды.

Конференция жұмысы Ғ-Қ Қаржасовтың сурет көрмесін және деректі фильм тамашалаумен басталды. Көркем сурет музей басшысы Айгүл Нұрланқызы сөз бастап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Шақырылған қонақтар суретші, білім озаты, суретші әріптесі Қ.Тақырбасов, Л.И.Богнат Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Белорусь» ЭМБ төрайымы  өз сөздерінде суретші ағамызды еске алып, зор еңбегін бағалап, өткізіліп отырылған шараның өнерпаз, ізденгіш жастар үшін маңыздылығын баса айтты. Барлық қатысушылар сертификатпен марапатталса, арасынан іріктелген 7 жұмыс иелері «Жас дарын», «Руханият», «Парасат», «Аманат», «Қайнар», «Жас зерттеуші» номинацияларына ие болды, ал келесі үш жұмыс иелеріне жүлделі орын  бұйырды. Бірінші орын-Реснянская Светлана, Литвененко Диана 17 мектеп, ІІ орын- Кириченко Софья 28 мектеп және Балыкова Дарья – үшінші орын Қ.Даржұман ат.ҰЖМ бұйырды. Конференция жұмысын Қ.Даржұман ат. ҰЖМ директорының орынбасары Ж.С.Байманова қорытындылап, қатысушыларға алғысын білдірді.