Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Шығармашылық пен жаңғыру мерекесі!
16-02-2019 16:56
Шығармашылық пен жаңғыру мерекесі!

Шығармашылық  пен жаңғыру мерекесі!

Қ.Б.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі мен қаламыздың балалар көркем сурет мектебі бірлесіп  «Рухани жаңғыру»  бардарламасы аясында,   «Ғасырлар тоғысынан -Из глубины веков»жобасынының  «Ертіс өңірі этностарының әйлдер ұлттық бас киімдері мен әшекей бұйымдары» тақырыбында өткізілген ІІ кезеңің  қорытындылады. «Ғасырлар тоғысынан» - бұл балалардың  қатысуымен ұлттық салт-дәстүді заманауй көз қараста туындайтын бірігей жоба.  

 Жоба жоспарына сәйкес  ұлттық жаңғыру мектебінің тәрбиеленушілері тақырыпқа сай аңыз, әңгіме,  деректер жинақтаса, көркем сурет мектебінің балалары деректерге сәйкес өз қолдарымен  сол бұйымдарды жасап шығарды. Осындай шығармашылық пен ізденіске толы жұмыс қорытынды-көрме жұмысы Қоғамдық келісім мекемесінің зәулім залында педагогтар мен тәрбиеленушілер, мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілді. Көрермендер назарына жасалған бұйымдар көрмесі,  ұлттық бөлімшелерден дефиле мен жобаны қорғау бөлімі ұсынылды. Жобаны қорғау жұмысына балалар педагогтарымен бірлесіп тыңғылықты дайындық өткізген еді, ұлттық бас киімнің шығу тарихы, онымен байланысты аңыз, ырым, дәстүрлері туралы мәлімдеп  сахналап көрсеткендері де болды. Жалпы жоба қорғауға  15 ұлттық бөлімше қатысып  қазақ, армян, әзірбайжан, белорус, болгар, еврей, грек, чуваш, румын, татар, поляк, кәріс, украин, шешен,орыс ұлттық бас киімдері мен әшекей бұйымдарын ұсынса, көрмеге жас шеберлердің 100-ге жуық бұйымдары қойылды. Мектептің «Мөлдір», «Нарциз» би топтары, «Белькато», «Сябрята» вокал ансамбльдері және Ертіс Асылхан ұлттық шығармаларымен шара сәнін  келтірді.

Шығармашылық пен жаңғыру мерекесі  қорытындысын жоба жетекшілері Жамал Сапаровна Байманова, Сидоренко Оксана Валерьевна, Масленикова Инна Владиславовна    қатысушылырға атқарылған еңбектері үшін алғыстарын білдіріп, әр қатысушы мен ұлттық бөлімшелерді Ертіс өңірі этностарының  рухани мұраларын сақтау және жаңғыру ісіне қосып жатқан үлестері үшін дипломдармен марапаттады.