17.04.2019ж. Қ. Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебі, қазақ мәдени орталығының шығармашылық есеп беру «Еркелеймін Ертіске» атты әдеби-сазды сабағы өтті. Сабақтың басты мақсаты ақын Шолпан Байғалымен кездесуге арналды. Кеште Шолпан Байғалықызының өмірбаяны айтылды.Сабағымыздың қадірлі қонақтары Ш.Байғалызының ұйымдастырылуымен құрылған «Сағым жылдар» әжелер ансамблі, № 22 мектептің мұғалімі Жампейісов Жаңабай Жүсіпбекұлы, дәстүрлі әнші Әсел Ботаева,120 бала бақша тәрбиеленушілері жетекшісі Айгүл Еділқызы Мақанова және қазақ мәдени орталығының тәрбиеленушілерінің ата- ана, ата- әжелері болды. «Сағым жылдар» әжелер ансамблінің орындауында «Нені ойладың құрбыжан» әні орындалды. Қазақ мәдени орталығының тәрбиеленушілері «Ертісім» өлеңінен үзінді оқыды. Дәстүрлі әнші Әсел Ботаеваның орындауында әні Асан Абдыкаримовдікі сөзі Ш.Байғалызының «Қайдасың»және әні Аманкелді Ыдырысовтікі «Өзіңсің»әні нақышына келтіріліп орындалды. № 120 бала бақша тәрбиеленушілерінің орындауында «Батырлары елімнің» атты әні және «Оқтау тартыс», «Кім мерген» ойындары ойналды. «Достық» домбырашылар ансамблінің орындауында «Көрұғлы», «Тепеңкөк», «Жастар биін», Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлері, сонымен қатар биыл қолына алғаш домбыра ұстаған шәкірттер Волфган Амадей Моцарттың шығармасы «Аллегреттоны» ойнады. Келген қонақтарға, кешке ат салысқан өнерпаздарға алғысымызды білдірдік. Сабақ соңындаақынның туып өскен жері Байқоныс ауылына жазылған: сөзі Қабдылмәжит Талиповтың әні Назымбек Дукенбаевтың «Байқонысым - берекем» әні орындалды.