Ел бірлігі жасасын!
Мектебіміздің поляк, татар-башқұрт, әзірбайжан бөлімшелері мен "Арай" би тобы мереке қарсанында облыстық балалар кітапханасы ұйымдастырған кездесуге қатысты. Еліміздің бірлігі басты құндылық, әр ұлт өкілі өз мәдениетін және өзге елдің салтын біле жүрсе нұр үстіне нұр! Тәрбиеленушілеріміз көрермендерге ұлттық билерін, қазақ, орыс және ана тілдерінде орындалған әндерін және тамаша көңіл-күй тарту етті.