Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Бірлік этнофестивалі
19-05-2019 13:08
Бірлік этнофестивалі

    2019 жылдың 19 мамыр күні Қанат Даржұман атындағы  ұлттық жаңғыру мектебінде  оқу жыл аяқталуына  арналған «Бірлік» атты этнофестивалі өтті. Мақсаты: тәрбиеленушілердің жетістіктерін көрсете отырып, бір жыл бойы алған білімдерін бағалау; отаншылдық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

       Этнофестиваль «Достық»  домбра оркестрінің орындауында «Көрғұлы» күйімен басталды. Салтанатты іс-шара  барысында  мектептің  17 ұлттық бөлімшілердің, «Бельканто» хорының, Халық этикет тобы  мен  «Арай», «Мөлдір» би топтарының тәрбиеленушілері өз өнерлерін ән, би,өлең, әр түрлі тілде тақпақтармен  паш етті. Шығармашылығымен қоса қатысушылардың киген әр түрлі өзіне тән ою-өренктелген  ұлттық костюмдары бірден көзге түсіп, көрермендерді қызықтырды.

      Дәстүр бойынша, іс-шараларда белсенді қатысқан балаларды марапаттап, сонымен қатар, мектеп түлектеріне сертификат ұсынылды.  Іс-шара мектеп әнұранымен аяқталды.