Биылғы жаңа жобалардың бірі "Голос-Жаз-2019" жобасы өз мәресіне жетті. Жартылай финалға өткен 5 жеке орындаушы және 4 дуэт өз өнерлерін ортаға салды. Ұйымдастырушылар әр қатысушы туралы бейнебаян жазып тосын сый жасады. Қатысушылар үлкен дайындықпен келіп, бірінен-бірі асып керемет орындаушылық шеберлік танытты. Әділқазыларға шешім шығару онайға соқпады. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталып, жүлделі орындарға :Диана Ермұрат "Ангелы добра" әнімен және Рудницкий Климентий "Мы маленькие дети" әнімен, әділқазылар шешімімен жеке орындаушылар арасынан 2 жеңімпаз анықталды, Аветесян Джульетта мен Карина "Май" әнімен дуэттар ішінен үздік болып таңдалса, Саенко Марина мен Старушко Тамила "Хулиганки" әнімен көрермендер көзайымы болып таңылды. Жеңістерін құтты болсын!
"Голос-Жаз-2019" жобасы мәресіне жетті!