"Живем в семье единой"
Әр демалыс күндері қалалық саябақта ЭМБ фестивалі өтеді, маусым айы бойы поляк, белорус, кәріс, әзірбайжан, армян бөлімшелерінің тәрбиеленушілері ЭМБ мүшелірімен бірге өнер көрсетуде. Әр бөлімше өзінің ұлттық ойындарын, салт-дәстүрлерін көрсетіп, ән айтып, билерін орындайды. Негізгі мақсаты Ертіс өңірінде тұрып жатқан этностар арасындағы достық, татулық және ұйымшылдықты көрсету, қазақ еліне деген құрметті білдіру, патриоттық сезімді қалыптастыру.