Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
"Үкілі домбыра" жобасы бастау алды
13-10-2019 12:14

13 қазан күні мектеп ішілік "Үкілі домбыра" жобасы бастау алды. Ұлттық құндылықтарды жаңғыру мақсатында ұйымдастырылған жоба 4 мектеп ішілік шараға бөлінді. "Даламның үні-домбыра" бөлімінде мектеп тәрбиеленушілеріне қазақтың көне аспабы, атақты күйшілер жайында танымды ақпарат беріліп,  азірбайжан, татар, белорус, орыс ұлттардың музыкалық аспаптарымен салыстырылып, ұқсастықтары аталды. Домбыра жайында аңыз көресетілді. Шара қонағы қаламыздың балалар өнер мектебінің педагогы Нұрлан Бақытұлы көрермендерге күй атасы Құрманғазы, оның күйлері жайында, жалпы күй түрлері туралы айтып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Қатысушылармен викториналық сұрақтар және әуенді тап ойыны ойнатылып балалардың білімі қорытындыланып, барлық қатысушылармен домбыра жайында ән орындалды. Шара өте танымды, көңілді өтті.  Шараға 200-ден аса мектеп тәрбиеленушілері мен барлық педагогтары қатысты.