"Өнерлі отбасы"
«Өнерлі отбасы»
2012 жылдың 19 қаңтар айында ортаңғы «Б» тобының тәрбиешісі Назым Қанағатқызы Шотабаева «Өнерлі отбасы» атты ата-аналар мен балалар арасында бірлескен жұмыс өткізді. Көзделген мақсат жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен кішіпейілділікке, үлкенді сыйлауға иманды, инабатты болуға тәрбиелеу. Ата-аналар 2 топқа бөлініп мақал-мәтел айтып, жұмбақ жасырып сынға түсті. Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс арасында ересек және даярлық тобының тәрбиеленушілері би билеп, ән айтып сайысымызды ажарландыра түсті.
Тәрбиеші: Д.С.Амарканова
