Телефон доверия
8(7182)30-06-67
Адрес: М.Жүсіп 36
8(7182)30-06-67 қабылдау бөлімі 8(7182)30-06-66 есепші
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сейсенбі,бейсенбі 15.00-18.00
Қош келдің, Наурызым ақ ниетті!
20-03-2012 05:02
Қош келдің, Наурызым ақ ниетті!

 

Қош келдің, Наурызым ақ ниетті!

 

     Қазақ халқында қасиетті ай, яғни, жаңа жыл- Ұлыстың ұлы күнін қарсы аларда жасалатын дәстүрлі ырымдары бар. Наурыз жайлы не білесің?- деген сауалға жауап беру үшін, біздің №19 сәбилер бақшасы бес жыл бойы ата- аналармен бірлесіп «Наурыз- той» атты мейрамын өткізіп жүрміз. Бұл тойға қай ұлт болса да жақсы тілек, ізгі ниетпен қараған. Ән-күй залына жиналған ата- аналар, өз өнерлерімен бөлісті. Даярлық тобының ата- аналары, Ұлыс күнінде сәлемдесудің қалыптасқан дәстүрін көрсетсе, ересек тобының ата- аналары наурызда айтылатын дәстүрлі тілектермен жалғастырып, әр отбасына бақыт пен молшылық әкелсін деп тіледі. Думанға келген қонақтар ұлттық  ойынды естияр тобының ата- аналарымен тамашаласа, екінші естияр тобы мемлекеттік тілде жаңылтпаш, мақал –мәтел айтып тамсандырды. Екінші сәбилер тобының ата- аналары Қыдыр ата бейнесін сомдап, ақ батасын берді. Өнерлі ата- аналар, бірлігі мен ынтымағы жарасқан Отанымыз- Қазақстанды әнге қосып, шат-шадыман мерекені сабақтады. Мейрамның басты тағамы Наурыз Көже сапырып, қонақтардың дәм татуына жағдай жасалды. Мереке әзіл- қалжыңсыз болмайды, естияр тобының ата- аналары мерекенің сәнін ажарландыра қыздыра түсті. Балабақша түлектері Отанымыздың патриоты болып, елдегі тыныштықтың, ынтымақтың сақталуына, Қазақстанның ең мықты ел аталуына бармақтай болса да өз үлесімізді қосамыз деген тілекпен «Жаса Қазақстан» әнін орындап қонақтарға көтеріңкі көңіл- күй сыйлады. Көктемнің шуақты күнімен бірге тойланатын Наурыз тойы осындай сәттермен, дастарқанды түрлі тәтті- дәмге толтырып қуанышымен, өнерімен бөліскен ата- аналарға балабақша басшысы Қ.Б.Хамзина алғысын айтып, өнерпаздарымызды марапаттады. Көпшіліктің көңілінен шыққан мереке, дастарқан басында жақсы тілектермен жалғастырылып қаламыздағы «Жеңеше- ай», тобы ән мен күйден шашу шашты.

                                                                                                  № 19 балабақша

                                                                                                  Б.А. Тезекбаева