Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)30-06-67
Мекенжайы: М.Жүсіп 36
8(7182)30-06-67 қабылдау бөлімі 8(7182)30-06-66 есепші
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі,бейсенбі 15.00-18.00
Бірге үйренейік
04-02-2010 18:00

2010 жылдың 4 ақпанында № 19 сәбилер бақшасында әдістемелік бірлестіктің отырысы өтті. Отырысқа №3, №4, №14, №17, №31, №51, №82, №85 балабақшаларының әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Балабақша директоры Қарлыға Баритқызы Хамзина семинарға қатысушыларды бағдарламамен таныстыра отыра, 2 сәбилер және ересек топтарындағы ашық көрсетулерге шақырды.

Ұстаздар алдында балабақша әдіскері Камайлянова Майра Науқанқызы Эдвард де Бононың «Алты ойшыл қалпақ» технологиясының әдістерін ұсынып, жеті ойлау әдістерінен жаттығулар қолданылып, семинарға қатысушылардың қызығушылығын арттырды. Отырыс ашық көрсетулерді талдау және өз білімін жетілдіру тақырыбына арналған папкаларды көріп, ұсыныстар мен толықтыруларды қабылдады. Семинар тақырыбы толық ашылды. Ойлау әдістерін оқыту – тәрбие үрдісінде қолдану ұсынылды.

Камайлянова М.Н.