Телефон доверия
8(7182)30-06-67
Адрес: М.Жүсіп 36
8(7182)30-06-67 қабылдау бөлімі 8(7182)30-06-66 есепші
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сейсенбі,бейсенбі 15.00-18.00
Тәжірибемен бөлісеміз...
15-06-2010 18:00

2010 жылдың 16 маусымында № 19 сәбилер бақшасында «Мектепке дейінгі балалармен зерттеу әрекетін ұйымдастыру» атты семинар өтті. Семинарға біліктілігін арттыру институты курсының тыңдармандары қатысты.

Әдіскер Майра Науқанқызы Камайлянова семинар қатысушыларын зерттеу әдісімен, зерттеу кезеңімен, элементтерімен таныстырды. Теориялық бөлім практикалық жұмыспен жалғастырылды. Ұстаздар шағын топтарға бөлініп, өз ойларын, пікірлерін ортаға салып, берілген тақырып бойынша қорғау жүргізді. Содан соң топтарға саяхат жасалып, белсенділік орталықтардың мазмұнымен танысты. Істелінген жұмыстың қорытындысы Эдвард де Бононың «Алты ойшыл қалпақ» технологиясы бойынша тұжырымдалды.