Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)30-06-67
Адрес: М.Жүсіп 36
8(7182)30-06-67 приемная 8(7182)30-06-66 бухгалтерия
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
вторник,четверг с 15.00-18.00
«Жаса, Қазақстаным!»
21-12-2010 18:00

2010 жылдың 15 желтоқсанында №19 сәбилер бақшасында ересек, даярлық топтарында «Жаса, Қазақстаным!» атты ойын -сауықтар өткізілді. Ересек тобының алдына қойылған мақсат бүлдіршіндеріміздің санасына Қазақстан Республикасы туралы түсінік беру, туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, еліміздің елтаңбасы мен әнұранын, желбірей көтерілген көк туын таныстыру, балалардың танымын кеңейту болды. Үнтаспаға жазылып алынған Қазақстан Республикасының әнұранын барлық бала орындарынан тік тұрып тыңдады. Тәрбиеші: «Туған жерге нұр шашып жарық берген,

Қуанышпен мол бақыт алып келген,

16 желтоқсан шуақ болып,

Тәуелсіздік еліме алып келген», - деп, өзінің жүрегінен жарып шыққан қуанышын өлең шумақтары арқылы жеткізді. Желбіреген туымызда бейнеленген суреттерді жеке -жеке балаларға таныстыра тұрып: «Шуағынан сәуле шашқан күні бар,

Екпіндеген ақ қыранның үні бар.

Ою басқан мөп -мөлдір көк аспандай,

Қазағымның желбіреген туы бар», -деп балалардың ойлау қабілетіне сай, сөзін түсіндіріп, өлең шумақтарымен таныстырды. Ал елтаңбаны көрсетіп:

« Ер қанаты – қос сәйгүлік тыпыршып,

Қазағымның ер мінезін таңытқан.

Елтаңба тұр, ортасында -шаңырақ,

Көңіл қалай шалқымасын шабыттан!» -дей келе, нағыз ер қанаты – сәйгүлік екені, қазақ азаматтарының ешкімнің алдында оңайлықпен бас имейтін намысқой, өр мінезділігін, шаңырақтың қасиеттілігін осы елтаңбадан көреміз деп тұжырымдайды. Әрбір балаға «Еліміз тәуелсіздік алды»деген ұғымды түсіндіріп, ол елдің балалары қандай болу керек екенін тәрбиеші өлең шумақтары арқылы жеткізе білді. Балалар мерекеге дайындаған тақпақтарын айтып, өлендерін шырқады, ойын -сауық ұлттық ойындарымен, « Жорға» атты бимен жалғасын тапты.

Даярлық топта мереке «Тәуелсіздік -толғауы» атты ойынмен ұйымдастырылды. Ойын «Бәйге, «Жорға», «Дода» атты бөлімдерден тұрды. Әр топтың балалары сұрақтарға жауап тауып, сайысты.Балалар ойын барысында әнұранның авторын, елтаңбамен ,тудын авторларын атап, рәміздер туралы білімдерін ортаға салды.Ойын бөлімдерінің арасында музыкалық кідірістер өткізілді. Балалар өлең айтып, ұлттық ойындар ойнап, ойынды ата – бабамыздан қалған асыл қасиеттерінін бірі - айтыс пен аяқтады.