Осы уақытқа дейін адам өмірінде көптеген өзгерістер болды, бірақ та адам өміріндегі құстардың тіршілігі әсіресе қыс мезгілінде біздің көмегімізді аздап болса да талап етеді. Қыс – құстар үшін өте қиын кезең, егер де ол өте қатты, суық қыс болса. Ашыққан құстар суықтан зардапты тез шегеді. Сондықтан құстарды барынша қамқорлыққа алып, оларға жемсауыттар жасау және онда жем шашып отыруды ұмытпауымыз керек. Құстарға қыста көмектесу, тамақтандыру – ежелден келе жатқан дәстүр. Алғашқы болып құстар өздері бұл жағдайға итермелегендей болды. Олар тез үйреніп, адамдардың үйлеріне жақындауды ыңғайға ала бастады. Одан тамақтануға болатынын сезгендей болды. Қыста тіпті орман құстары да адамдардың үйлеріне жақындай бастап, аштықтан сақтықты да ұмытып жатады. Қыстап қалатын құстарды тамақтандыру, ол тек қанаттыларға ғана көмегін тигізбей, сонымен қатар балаларды қамқорлыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеуге де жетелейді. Балалар қыстап қалатын құстарды тамақтандыру шараларына бар ынтасымен қатысады: ата – аналармен бірге жемсауыттарды әзірледі, жем жинады және «құстардың ас мәзірін де» ойластырып қойды. Жемсауыттарды ағаштарға ғана іліп қойған жоқ, табиғатта өткізген аздаған серуен уақытын мерекеге айналдырғандай болды: балалар қанаттыларды алдын ала дайындаған жемдерімен тамақтандырып, тақпақтарын оқыды және құстар туралы жұмбақтар шешіп ойнады. Күн сайын жемсауыттарды жеммен толықтырып отырғанды бақылағанда олардың күнде бір уақытта келіп жемсауыттарға қонатыны байқалды, тіпті үйреніп алғандай болды.
Құстарды тамақтандырайық