Қазақы қол - өнер бұйымдарының көрмесі
Ата - аналардың асқан шебер қолдары қазақы қол - өнер туындыларын көптеп көрмеге арнап әкеліпті, қазақы сувенирлерді дайындапты: қазақтың ұлттық киіз үйлері, сазды аспаптары, ұлттық әшекей бұйымдары, ұлттық киім үлгілері, құрақ - көрпе, қоржын түрлері, төрт түлік жануарлардың түрлері, қазақы қуыршақтар, қамшы т.б. бұйымдар көпшілігімен көз тартады. Көрме балалар мен ата - аналар, келген қонақтар арасында көп қызығушылық тудырды, тамсанып, көздері тоймай қарады. Балалар қазақы бұйымдарды көріп, өз халқының осындай бай фольклорына мақтанышпен қарады. Ата - аналар шығармашылық, жомарттық танытты. Асқан сүйіспеншілікпен дайындалыпты, біздің балабақшаға жомарт сыйлықтарын табыс етті.