Әдемі әшекейленген зал, қонақжайлы киіз үй барлық қонақтар мен балаларды осындай тамаша мерекелік күндерде қарсы ала білді. 14-15 желтоқсан күндері барлық топтарда аталмыш ертеңгіліктер өтті. Қазақы киінген балалар мәнерлеп Отан туралы тақпақтарын оқыды, "Атамекен" әнін, "Менің Қазақстаным" әнұранын, туған жер, достық, қазақтың дархан жері туралы әндерін айтып мәртебемізді бір көтерді. Көз тартарлық ұлттық киім киген қыздардың орындауында "Қамажай", "Айгөлек" билерін тамашаладық, ұлдар қолдарына қамшы ұстап "Жігіттер" биін биледі. Қу Алдар Көсе мен Шықбермес Шығайбай, Ежен хан, ақылды Сақыпжамал, Аққұс және т.б. кейіпкерлер мерекеде қатысып балалардың көңілдерін бір серпілтті. Балалар өз Отанымен мақтанып, осындай рухы биік, еңселі мерекеге қуанып мәз болды.
Қазақстан Республикасының 20-жылдығына арналады