Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182346974 руководитель, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Адрес: город Павлодар, Ш.Құдайбердіұлы,4
87182345889 вахта 87182346974 руководитель 87182346991 бухгалтерия
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
вторник с 10.00-12.00 четверг с 16.00-18.00
№4 педкеңес
30-03-2012 06:12
№4 педкеңес

29 наурыз күні №4 педкеңес "Қазақ халқының мәдени құндылықтары мен дәстүрлері негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың өнегелі - патриоттық тәрбие алуы" тақырыбымен дәстүрге сай емес түрде заманауи техникалық құралдардың қолданылуымен өткізілді. Патриоттық тәрбиенің маңызы жайлы баяндамалар оқылды, өз іс - тәжірибесімен В.В.Таранченко бөлісті. Практикалық сәтті музжетекшілер әр үстелге арнайы бекітілген аңыздардан бастады, олар "Балхаш" көлінің тарихы, "Айша бибі мен Қарахан батыр", "Баян сұлу мен Қозы Көрпеш", "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" аңыздары болды. Қазақ фольклорының баға жетпес байлығына көз жеткізе отырып, кейбір жанрларына педагогтар өздері қатысып, іс жүзінде ортаға салды. 2-ші сәбилер топтары "Әлди" әнін айтып, ерте заманда қазақ халқы бесікте баланы қалай тербеткенін, әндеткенін көрсетті. Естияр топтары "Тәй - тәй" әнін айтып, баланың алғашқы басқан қадамын қалай сүймелдейтінін көрсетті. Ересек топтары "Айтыстан" үзінді көрсетті, сонымен қатар айтыстың көптеген түрлеріне тоқталды. Дайындық топтары "Мемлекетіміздің гимнін" орындап, педкеңеске ерекше бір салтанатты шақ сыйлады.  Музыкалық аспаптардың сазды дыбыстарын теледидардан көрдік. Олар: сыбызғы, домбыра, шаңқобыз, қылқобыз, даңғыра т.б. болды. Би элементтеріне қолданылатын ою түрлерінен педагогтар өздері би қимылдарын ойлап тапты. Мұндай әдістерді музжетекшілер сабақтарда да көп қолданады. Ұлттық ойындарға келсек, әр топ дайындаған ойынын көрсетті. Олар: "Асық ойындары", "Ханталапай", "Теңге алу", "Тақия тастамақ", "Сақина салу", "Қыз қуу" болды. Басқа да қазақ фольклорының жанрларына тоқталып, педкеңес өте ауқымды, мәнді, маңызды ақпараттарға толы болып, көп деректер алынды.