Қазақстан халықтарының тіл күні - бұл достықтың белгісі, туыстық пен барлық елдердің азаматтарының бірлігі іспеттес. Осыған байланысты біз жыл сайын "Қазақстан халықтарының тіл күні" мерекелік ойын - сауығын атап өтеміз. Мерекенің мақсаты - Қазақстан көпұлтты халықтардың біртұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту және оны тарату, өз халқының ғана емес, еліміздің байтақ жерінде өмір сүретін басқа да халықтардың мәдениеті мен дәстүрлеріне деген сыйластық рухын балаларда тәрбиелеу көзделеді. Мереке 20 қыркүйек күні музыка залында аталып өтті. Балалар түрлі тілде тақпақтар оқып, әндер айтты және басқа елден келген қонақтарды қарсы алды, олармен бірге түрлі халықтардың ойындарын ойнады. Мереке дүбірлі өтіп, балалар мен келген қонақтар риза болып қалды.
"Қазақстан халықтарының тіл күні" мерекелік ойын - сауық