Ағаштар бізді үнемі қоршап тұрады. Бірақ балалар, ереже бойынша оларға үнемі назар аудармай, тіпті байқамайды да. Байқамағандықтан оларды табиғаттың жанды нысандарының бірі екен деп те санамайды. Осыған орай мәселе туындады: "Қалада, ауылдарда және негізі осы ағаштар керек пе?". Сондықтан ата - аналармен бірлесіп "Ағаштар" жобасын жасадық. Жобалар балалардың, ата - аналардың және қонақтардың назарына бір апта бойы 23 қыркүйек пен 27 қыркүйек аралығында ұсынылды.
Жобаның мақсаты: барлық өсімдіктер әлеміне деген сүйіспеншілікті арттыру, оның ішінде ағаштар әлемін біліп-тану бойынша практикалық және танымдық әрекетке балаларды баулу.
Балалар көптеген ағаштардың жобаларын түрлі-түрлі қылып жасапты: кітап түрінде, Лэпбук, жылжымалы кітапшалар түрінде, ағаштар формасында жасалған бұйымдар да назарға ұсынылды. Әр бала өз жобасын асқан қызығушылықпен қорғады, өз құндылықтарын көрсетіп мақтап әңгімелеп берді.