Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында "Менің елім Қазақстан" тақырыбына суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Ересек және мектепалды топтарының балалары вернисажда өз жұмыстарын ұсынды.
Біздің еліміздің негізгі міндетінің бірі ол өз елінің патриоттарын тәрбиелеу болып саналады. Балалар туғаннан бастап еріксіз, табиғи түрде және өздері де байқамай қоршаған ортаға үйрене береді, өз Отанының мәдениетіне және табиғатына, халқының тұрмыс жағдайына үйрене береді. Сондықтан құндылық пен отансүйгіштіктің негізін қалыптастыратын бастамасы болып өз мәдениетіне және халқына деген терең сүйіспеншілік сезімдерінің бар болуы, туындауы саналады. Жеке тұлға болып қалыптастыратын сезімдердің барлығы бала жаста пайда болатынын барымызға мәлім. Сондықтан балалар ұжымында міндетті түрде жүйелі және мақсатты түрде осындай шаралар өткізіліп отырады және аталмыш суреттер конкурстары ұйымдастырылды.