Бақшамызға келіңіз, нәтижені көріңіз!
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен және маусымдық өзгерістермен таныстыру үшін балабақшада көкөністер бақшасын отырғызу керек. Экологиялық және еңбекпен тәрбиелеу баланы дамыту мен тәрбиелеудің маңызды факторы болып саналады. Біздің балабақшамыздың аумағында әдемі шағын бақша мен гүлзарлар отырғызылды. Бақшада, гүлзарларда еңбек ете отырып, балалар тәжірибе жинақтайды, алдымен көкөністердің, яғни аскөк, сәбіз, күнбағыс, баклажан, орамжапырақ, қызанақ, бұрыш дәндерін егетін топырақ дайындайды, кейбіреулерін алдын ала топта терезе алдында шағын бақша жасап егіп, өсіріп алғандары бар, барлығын кейін бақшаға отырғызуға әзірледі.
Сонымен біздің бақшамызда балалар мен тәрбиешілер бірлесіп аскөк, жасыл пияз, сәбіз, бұрыш, баклажан, қияр, орамжапырақ, сарымсақ, қызанақ отырғызды. Балабақшадағы бақша – ол өз еңбегіңнің нәтижесін көру мүмкіндігін және бай өнім береді. Нәтижені фотосуреттерден көруге болады.