СЫПАЙЫ СӨЗДЕР
"Кім көп сыпайы сөздерді біледі" ойыны
Жас ерекшелік топтарда "Кім көп сыпайы сөздерді біледі" атты ойындары өткізілді. Ойын барысына қойылған мақсат балалардың сөйлеу барысында сыпайы сөздерді дұрыс қолдану қабілетін жетілдіру. Міндеттері: балаларды сұранысты дұрыс білдіруге, алғыс айтуға үйрету. Дұрыс амандасу, қоштасу қабілетін жетілдіру. Объектілерге (суреттерге) және құрдастардың жауаптарына назар аударуды дамыту. Ойын барысында сыпайы қарым-қатынас жасау, құрдастарымен қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамыту. Бір-біріне мейірімді, сыпайы қарым-қатынасты тәрбиелеу.

