Сенім телефоны
8(7182)545302
Мекенжайы: Нұрсұлтан Назарбаев данғылы,87/1
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
15.00-18.00 сейсенбі, бейсенбі күні
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Новости организации
09-02-2023 12:40
Новости организации

Денсаулық сақтау  технологияларын қолданып, тәрбиеленушілердің қозғалыстың  негізгі түрлері меңгеруі арқылы дене шынықтыру сапасы мен қимыл белсенділігіндегі қажеттілікті дамыту” тақырыбында қалалық тәжірбиелік - бағдарлы семинар өтті. Семинарға қаланың 50- ге жуық педагогтер қатысып, мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізуде өз құзреттілігін арттырды. “Денсаулық сақтау технолгияларын қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулық мәдениетін тәрбиелеу” №29 с/б ДШ нұсқаушысы Искакова Ж.А., “Ойын стрейчингі әдісі бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды сауықтыру” №1 с/б ДШ нұсқаушысы Малюкова Б.А., “Денсаулық сақтау технологиялары арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды бейімді жүзуге үйретудің өзекті мәселелері” №5 с/б ДШ нұсқаушысы Айгужинова Г.З., өз тәжірбиелерімен бөлісті. Теориялық блокта Павлодар қаласы білім бөлімінің әдіскері Н.Қ.Нұрғалиева мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың дене қасиеттерін қалыптастыру мен дамытудың бірқатар өзекті мәселелеріне тоқталды.