Біздің кішкентай жұлдыз
2016 ж, 03 сәуірде №1 музыка мектебінде "Рауан" шығармашылық байқауының екінші іріктеу туры өткізіліп, оған ересек А тобының тәрбиеленушісі Хуснадтинова Томирис қатысты. Ол "Мен өнерлі баламын" атты әнімен әділ қазылар алқасын және көрермендерді ризашылыққа бөлеп, байқаудың қорытынды турына өтті. Біздің кішкентай жұлдызымыз Томиристі жеңісімен құттықтап, гала концерт байқауында да табысты өнер көрсетуіне тілектеспіз! Томиристі дайындаған музыка жетекшісі Шынар Сериковна Ауелбаеваға шығармашылық табыс тілейміз.
