"Рауан" конкурсы
2016 жылғы 08 сәуір күні музыка жетекшісі С.И. Малышеваның басшылығымен балабақшада "Рауан" шығармашылық конкурсының бірінші іріктеу туры өткізілді. Ол ересек А, Б топтарының және даярлық тобының қыздарымен қазақтың ұлттық биі "Думан" биін дайындады. Музыка жетекшісі Ш.С. Ауелбаева ересек А тобының тәрбиеленушісі Хуснатдинова Томиристі "Мен өнерлі баламын" атты әнімен дайындап, шығармашылық топтың қатысушылары арасынан екінші турге өтті. Біз өнерлі балалар үшін өте қуаныштымыз, екінші турде зор жетістікке жетуіне тілектеспіз! Жарайсыңдар!
