Сенім телефоны
8(7182)545302
Мекенжайы: Нұрсұлтан Назарбаев данғылы,87/1
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
15.00-18.00 сейсенбі, бейсенбі күні
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
"Менің спорттық отбасым" сайысы
30-11-2015 01:18
Алғашқы Президент күні мерекесіне орай өткізілген апталық негізінде "№1 сәбилер бақшасы" МҚКК әртүрлі іс - шаралар атқарылды: ата - аналармен бірлескен "Менің Отаным" атты сурет көрмесі, балалармен сұхбат, сурет - иллюстрациялар көру, қазақ жазушыларының шығармаларын мәнерлеп оқу, "Ғажайып әлем" атты театрлаңған көріністер өткізілді. Апталық соңында мектепке дейінгі ересек тобының балалары Қазақстан Республикасының әнұранын айтты және даярлық тобының балалары "Менің Президентім!" атты дәстүрден тыс ашық көрсетілім көрсетті. Бұл іс- шарада балалар Тұңғыш Президентіміз туралы мағлұмат алды. 30.11 күні ересек А тобында балалармен және ата - аналармен бірлескен "Менің спорттық отбасым" атты сайыс өткізілді. Сайысты дене шынықтыру нұсқаушысы Н.В.Гафарова ұйымдастырды. Сайыс теңізге саяхат түрінде өткізіліп, балалар мен ата - аналар қуанышты және сергек түрде белсене қатысты. Сайыс соңында "сиқырлы сандықтан" балалар тәтті сыйлықтар тауып, қуанышқа бөленді.