Телефон доверия
+7(7182)54 53 02
Адрес: проспект Нурсултана Назарбаева 87/1
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
вторник, четверг с 15.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Тілдер мерекесі
20-09-2017 08:33
Тілдер мерекесі

"№1 сәбилер бақшасы" МҚКК 

22 қыркүйек Тілдер мерекесіне байланысты апталық іс - шаралары өткізілуде. Әр топтарда "Тіл - достық құралы", "Мемлекеттік тіл - ел ертеңі" атты әңгіме, сұхбат ұйымдастырылып, әр ұлттың ертегілерімен таныстырылды.

Бүгін 20 қыркүйек күні ересек А тобында "Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады" атты спорттық ойын - сауық өткізілді. Дене шынықтыру нұсқаушысы жас маман Табыс Абай ұлттық ойын арқылы балалардың бойына ізгілік, ептілік қасиеттерін сіңіре білді.

 Қазақ тілі мұғалімі Ж.К.Жунусованың ұйымдастыруымен даярлық Б тобында "Қазақшаңыз қалай?" атты мерекелік сайыс өткізілді. Балалар қойылған сұрақтарға қызыға, нақты жауап беріп, тапсырмаларды орындады.