Тілдер мерекесімен!
Павлодар қаласы, №1 сәбилер бақшасында Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күніне арналған апталықтың қорытындысы ретінде бүгін, 21 қыркүйек күні «Тіл – татулық тірегі» атты мерекелік іс- шара өткізілді. Қазақ тілі мұғалімі Ж.К.Жунусова, музыка жетекшісі Әнел Тенизова және тәрбиешілердің ұйымдастыруымен даярлық қазақ және орыс тобының тәрбиеленушілері қазақ тілінде тіл туралы өлеңдер, мақал – мәтелер айтып, ән шырқады. Балалар әр ұлт өкілдерінің биін көрсетіп, ұлттық ойындар ойнады. Даярлық Б тобының бүлдіршіні Элина Маэр «Қошақаным» әнін зор ынтамен орындап, көрермендер ықыласына бөленді. Мереке соңында достық әні «Әрқашан күн сөнбесін» әні екі тілде шырқалды. Мереке өте көңілді, тартымды өтіп, балалар жақсы көңіл күймен тарады.
