ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН
"№ 1 сәбилер бақшасы" МҚКК тәрбиешілері мен музыка жетекшілері "Тәуелсіздік тұғыры" атты ертеңгілік ұйымдастырылып өткізілді. Тәрбиеленушілер "Бәйтерек", "Арқан тарту" ойындарын ойнап, "Елтаңбасы елімнің", "Менің Қазақстаным", "Отан - ана" атты әндерін шырқап, "Қамажай", "Қамшы", "Достық" билерін тарту етті. Балабақша ұжымын, тәрбиеленушілер мен ата - аналарды ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН шын жүректен құттықтаймыз!!!



