№1 балабақша ұжымы биылғы Наурыз мерекесін жылдағыдан өзгерек, дүбірлетіп өткізді. Қазақ тілі мұғалімі Ж.Қ.Жунусованың ұйымдастыруымен мектепалды даярлық тобында наурыз мерекесіне арналған презентация өткізіліп, сурет көрмесі және ұлттық нақыштағы қолдан жасалған қазақтың бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Даярлық тобының бүлдіршіндерімен бесіке салу және тұсау кесу дәстүрлері көрсетілді. Мереке соңы «Наурыз айы туғанда, той болушы еді бұл маңда» атты тойға ұласып, №9 және №30 балабақша тәрбиеленушілері мен педагогтарын қонаққа шақырумен ұласты. Үш балабақша үш ауылдарға бөлініп, «Төле би», «Әйтеке би», «Қаз дауысты Қазыбек би» аттары берілді. Үш ауыл арасында ән, би, салт – дәстүрлер орындалды, наурыз бата беріліп, шашу шашылды. Төле би ауылы (№1 балабақша) Саумалық және Күн мен Түн көріністерін сахналады. Наурыз мерекесі ақ дастарқан басында наурыз көже ішумен аяқталды. Келген қонақтар мен бүлдіршіндер өте риза болып, көтеріңкі күймен аттанды. Әз Наурыз мерекесі құтты болсын, еліміз тыныш болып, әр отбасының шаңырағына шаттық, босағаларына бақыт ұяласын!



