Телефон доверия
+7(7182)54 53 02
Адрес: проспект Нурсултана Назарбаева 87/1
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
вторник, четверг с 15.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
18-12-2019 11:24
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

    «№1 сәбилер бақшасы» МҚКК Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік –тұғырым» атты апталық өткізілді. Арнайы апталық жоспары құрылып, сурет көрмесі жасалды, барлық балабақша қызметкерлері бір апта бойы ұлттық киім киіп жүрді және қазақ кухнясы ұйымдастырылды.Кіші топтар арасында қазақтың ұлттық ойындары өткізілсе, ортаңғы топтар «Тәуелсіздік ұландары» атты мерекелік ойын – сауық өткізді. Ересек және мектепалды топтар арасында  ертеңгіліктер өткізіліп, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Балдырғандар ән шырқап, түрлі би биледі, тәуелсіздік күніне арналған өлеңдер оқыды. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болып, елімізде бейбітшілік болсын. Еліміздің  ертеңі – бүлдіршіндеріміз аман болсын!