"РУХАНИЛЫҚТЫҢ МӨЛДІР БҰЛАҒЫ"
№1 сәбилер бақшасында 2020 жылғы 3-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігін өткізу жөніндегі жоспар бойынша «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты тақырыпта ана, мейірім, бейбітшілік және достық туралы балалардың шығармашылық жұмыстары жасалды. Топ тәрбиешілері Айнұр Заировна Анисова мен Әйгерім Кадырбековна Жетпісбайдың ұйымдастыруымен Ересек Ә тобының бүлдіршіндері суреттер, ашық хаттар, аппликация, қолдан жасалған бұйымдар жасап, көрме ұйымдастырды. «Асыл жүректі ана» атты жиналмалы папка жасап, «Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмірбаяны мен қоғамдық қызметінен мағлұмат берді.


